Жәнгір хан университетінде «Сапалы практикалық оқыту – табысты мансап кепілі» тақырыбында форсайт-сессия өтті.
Оған институт директорлары, білім беру бағдарламаларының жетекшілері, өңіріміздегі жұмыс берушілер және студенттер қатысты. Кездесудің басты мақсаты – білім алушылардың кәсіби дағдыларын қалыптастырудың тиімді тәсілдерін талқылау, практикалық дайындықтарын жетілдіру және олардың жұмысқа орналасуына ықпал ету, болашақ мамандардың бейнесі және осы мақсаттарға жету үшін бірігіп атқарылатын жұмыстарды жоспарлау. Кездесу барысында қатысушылар барынша белсенділік танытып, өз ойларын ашық жеткізді. Жұмыс берушілер қолданыстағы тәжірибелерімен бөлісіп, білім алушыларға өздерін жан-жақты дамытуға кеңес берді.
Шараны «Мансап және бизнес-серіктестік орталығы» ұйымдастырды.