Huawei ICT Academy базасында өткен Roadshow

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің Huawei ICT Academy базасында Roadshow өткізілді.

Оған «Huawei» компаниясының өкілі, «Экономика, ақпараттық технологиялар және кәсіби білім беру» институтының оқытушылары және «Ақпараттық жүйелер және технологиялар», «Агроинформатика», «Цифрлық экономика» білім беру бағдарламаларының студенттері қатысты.

Бұл Roadshow жыл сайын студенттерді «Huawei ICT Competition» халықаралық IT-олимпиадасына қатысуға тарту мақсатында өткізіледі, онда студенттер қатысу үшін үш бағыттың бірін таңдауға құқылы: «Network Track», «Cloud Track» немесе «Computing Track».

Осы байқау аясында «Huawei ICT Academy» студенттері IT-саласы бойынша өз жобаларын қорғай отырып, өзара жарысады. Олимпиада төрт кезеңде өткізіледі. Бірінші кезеңде студенттер өз қалаларында іріктеуден өтеді. Үздік нәтиже көрсеткен студенттер Алматыда өтетін ұлттық іріктеудің екінші кезеңіне қатысу құқығын алады, содан кейін олардың үздіктері Сауд Арабиясында өтетін 3-кезеңге жолдама алады. Оның қорытындысы грант-финал Шэньчжэнь (Қытай) қаласындағы «Huawei» бас кеңсесінің базасында өтеді. Ұлттық және жаһандық кезеңдердің үздік студенттері бағалы сыйлықтармен марапатталады, ал грант-финал жеңімпаздары приоритетті жағдайда компанияда жұмыс істеуге шақыру алады.

Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетіндегі Huawei ICT Academy 2023 жылдан бастап жұмыс істейді және қазіргі уақытта академия аудиториясында білім алушылар зертханалық жұмыстарды орындау бойынша оқу материалдарына, виртуалды бағдарламаларға және әдістемелік нұсқауларға, сондай-ақ Huawei компаниясының өкілдері дайындаған бейнесабақтарға қол жеткізе алады. Бұл материалдарды зерттеу студенттерге олимпиадаларда жеңіске жету үшін білім алуға және халықаралық сертификатталған емтихан тапсыруға мүмкіндік беретін тегін ваучерлер алуға көмектеседі.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу