Гранттық қаржыландыруға ие болды

Жәңгір хан атындағы БҚАТУың екі ғылыми жобасы коммерцияландыру үшін гранттық қаржыландыруды жеңіп алды.

Жәңгір хан университеті – инновациялық хаб болып табылатын және Қазақстанның батыс өңірінің индустриялық-инновациялық дамуына үлкен үлес қосатын ірі көпсалалы ЖОО.

БҚАТУ – дамыған ғылыми-инновациялық инфрақұрылымы бар университет, онда «Идеяны қалыптастырудан – коммерцияландыруға дейін» тиімді технологиялық жүйесі құрылған. Гүлшат Амангелдіқызы Айешеваның басшылығымен «Технологияларды коммерцияландыру және бизнес-инкубациялау» кеңсесінің табысты жұмысының арқасында түрлі республикалық және халықаралық көздерден қаражат тартылады, сондай-ақ зерттеу нәтижелері пайдаланылады.

Инновациялар Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың ғылыми-технологиялық және білім беру қызметінің ажырамас және маңызды бөлігі болып қала береді. Биыл бизнес-серіктестермен жемісті ынтымақтастық нәтижесінде университеттің екі жобасы ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру бойынша «Ғылым қоры» АҚ байқауында жеңіске жетті (2024-2026 жылдарға). Жобалардың жалпы құны – 1 млрд. 280 млн. теңгені құрайды, оның ішінде қоса қаржыландыру – 606 млн теңге. 

Бірінші жоба – «Батыс Қазақстан облысының құрғақ дала аймағында суаруда жоғары ақуызды жемшөп дақылдарын өсіру» және екіншісі – «Балықтарға, құстарға және ауыл шаруашылығы жануарларына арналған құрама жем өндірудің инновациялық технологиясы». Бұл инновациялық жобалар университет ғалымдары – доцент, техника ғылымдарының кандидаты Марат Қайырлыұлы Оңаев пен зертхана меңгерушісі, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Еркінғали Азаматұлы Батырғалиевтің инновациялық технологиялары мен әзірлемелерін енгізуге бағытталған.

Жәңгір хан атындағы БҚАТУ серіктестерге инновациялық қызметті дамыту саласындағы жемісті ынтымақтастығы үшін алғыс білдіреді және конкурс жеңімпаздарын, сондай-ақ университеттің «Технологияларды коммерцияландыру және бизнес-инкубациялау» кеңсесін құттықтайды!

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу