18-28 сәуір аралығында Батыс Қазақстан облысының жетекші жоғары оқу орындарының ғалымдары «Unilink» бағдарламасы аясында АҚШ-тың Ратгерс университетінде «Қаржылық менеджмент және зерттеулерді коммерцияландыру» бойынша біліктілікті арттыру курстарын сәтті аяқтады.
Олардың арасында Жәңгір хан университеті ғылым басқармасының басшысы Индира Бейшова мен AgroTech Hab жобалық кеңсесінің жетекшісі Ерасыл Дулатбай да бар. Курс азық-түлік қауіпсіздігін коммерцияландыру және инновациялар, биоинформатика, жануарлар мен өсімдіктер генетикасы, органикалық тағам салаларын қамтыды. Бағдарламаның мақсаты – қаржылық менеджмент тәжірибесін нығайту, зерттеулерді басқару мүмкіндіктерін кеңейту және ғылыми нәтижелерді коммерцияландыруды жеделдету. Тараптар инновациялық технологиялық шешімдердегі Қазақстанның құзыретін нығайтуға бағытталған Қазақстан мен АҚШ арасында қаржыландырылатын жобаларды әзірлеу және жүзеге асыру бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қоюға келісті.