ACESYRI ЖОБАСЫ ТОБЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕМИНАРҒА ҚАТЫСТЫ

Жәңгір хан Университетінің Erasmus + ACeSYRI халықаралық жобасының жұмыс тобының мүшелері 30 мамыр мен 2 маусым аралығында Сүлейман Демирел университетіне барды.

Олар ACeSYRI жобасы аясында ұйымдастырылған академиялық тақырыпты таныстыру дағдылары бойынша халықаралық семинарға қатысты.

Атап айтқанда, “Ақпараттық технологиялар” жоғары мектебінің аға оқытушылары Жанаргүл Абуова, Лунара Диярова және Цифрлық даму орталығының инженер-бағдарламашысы, “Ақпараттық технологиялар” жоғары мектебінің оқытушысы Айнұр Ғұмарова семинар барысында таныстырылымдар жасады.

Сонымен қатар, жас зерттеушілер ICECCO конференциясына қатысып, бірлескен ғылыми зерттеулер талқыланды.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу