27 сәуір күні Батыс Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясымен ҚР Үкіметінің 31.12.2022 жылғы №1147 қаулысымен бекітілген «Әртүрлі нысаналы топтар деңгейінде де композицияланған ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі іс-шаралар» жоспары шеңберінде 2023 жылға арналған жобалар картасының 20-тармағына сәйкес мемлекеттік органның қызметімен танысу мақсатында «Ашық есік күні» акциясы ұйымдастырылды.
Шараға Жәңгір хан университетінің ұстаздары мен студенттері қатысты. Шара барысында мемлекеттік органның қызметімен танысу және мемлекеттік қызметшілердің имиджін көтеру мақсатында Инспекция басшысының орынбасары М.М.Ермеков, көліктегі бақылау бөлімінің бас мамандары Н.А.Сүндетбаев, Р.Е.Сакалов, А.А.Асылбеков көліктік бақылау инспекциясының атқаратын жұмыстары жөнінде ақпарат беріп, көлік жүйесінің негізгі бағыттарына жеке-жеке тоқталды.
Сонымен қатар, акция шеңберінде Орал қалалық кітапханалар жүйесінің №5 кітапхана филиалының қолдауымен «Барлығы көлік туралы» тақырыбында жылжымалы кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Студенттер өз қызығушылықтарын танытып, көлік саласы бойынша түрлі сұрақтар қойды.