Жәңгір хан университетінің үздіксіз білім беру тұжырымдамасын жүзеге асыру шеңберінде «Дипломнан кейінгі білім беру бағдарламасы» тыңдаушыларына «Жетекшінің тұлғалық тиімділігі. Стратегиялық және жедел басқару» тақырыбында курс өткізілді. Бағдарлама жетекшісі – э.ғ.к., қауымдастырылған профессор, Қосымша білім беру, біліктілікті арттыру бөлімінің басшысы Л.С.Таршилова.
Тренинг және іскерлік ойындар форматында өткен сабақтарда тыңдаушылар тиімді іскерлік қарым-қатынас, мотивациялық тәсіл мен коучинг, көшбасшы брендін қалыптастыру дағдыларын меңгерді, шағын топтардағы динамикалық процестерді қарастырды, стратегиялық көзқарас пен өзгерістерді басқару құзыреттіліктерін қалыптастырды.
Бағдарлама соңында қатысушылар жеке тиімділікті дамытуға арналған жобалар дайындады.