25 қазан – Республика күніне орай Әскери кафедра білім алушылары ардагерлермен кездесті.
Іс-шараға университеттің тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректоры Ақылбек Ұзақбайұлы Сұлтанов, «Германиядағы Кеңес әскері мен Батыс әскери тобының ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Кәрім Сабырұлы Сүлейменов және ардагер-ұстаздар Майдан Қабатайұлы Бралиев пен Балуаш Бақышұлы Траисов қатысты.
Кездесу барысында бір кездері Германия және Варшава елдерінде әскери борыштарын өтеген ардагерлер жастарға әскери өмір жайында әңгімелеп, естеліктерімен бөлісті. Шара соңында «Германиядағы Кеңес әскері мен Батыс әскери тобының ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің төрағасы К.Сүлейменов қонақтарды мерейтойлық төсбелгілермен марапаттады.