Жас кәсіпкер өз тәжірибесімен бөлісті

6 қазан күні «Агротехнологиялық институтының» « Тағам және қайта өңдеу өндірістерінің технологиялары» жоғары мектебінің оқытушыларының ұйымдастыруымен  «Орал қаласының табысты бизнес жобалары. «План Б» мейрамханасының басшысымен кездесу» атты іс-шара өткізілді.

Аталған іс-шараға «Тамақ өнімдерін өндіру», «Стандарттау, сертификаттау және метрология»,  «Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы» мамандықтарының  3-курс білім алушылары, сонымен қатар №30 мектептің 11-сынып оқушылары қатысты.

Орал қаласында шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға үлес қосып жүрген кәсіпкерлердің бірі Бисенгалиев Ильдар Тлекович кездесудің құрметті қонағы болды.  Жас кәсіпкер өзінің іс жүргізудегі тәжірибесімен бөлісіп, білім алушыларға бизнесті жобалаудың маңызды аспектілерін атап өтті.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу