Университетіміздегі «Есеп және аудит» мамандығы студенттерімен өткен кезекті практикаға бағытталған сабақ «Орал Полимер» ЖШС-да өтті.
БАН-31 және БАН-41 топтарының білім алушыларымен «Қаржылық есеп» және «Қызмет көрсету саласындағы есеп» пәндері бойынша практикаға бағытталған сабақты «Экономика және аудит» жоғары мектебінің аға оқытушылары Бақтыгүл Теміржанқызы Базарова мен Әсел Қанатқызы Джакупова өткізді.
Сабақ аталған кәсіпорынның есеп бөлімінде өтті. Кәсіпорынның бас есепшісі Саида Акимова білім алушыларды кәсіпорынның қаржылық жағдайының жүргізілуімен таныстырып, бухгалтерия бөлімінде 1С бағдарламасымен мемлекеттік сатып алу, шот-фактура және басқа да құжаттар қалай жүргізіліп, толтырылатынын жан-жақты түсіндірді. Практикаға бағытталған іс-шара әсерлі және өте жақсы деңгейде өтті. Оқытушылар «Орал Полимер» ЖШС-ның бас есепшісі С.Акимоваға және кәсіпорын ұжымына алғыс білдіреді.
Жалпы бұл компания темірбетон бұйымдарын дайындап, сатумен айналысады.