23 тамыз күні Жәңгір хан университетіне ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Аманжан Жамалов келді.
Мәжіліс депутаты алдымен университеттің тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректоры Ақылбек Сұлтановпен және «Amanat» партиясының БҚАТУ-дағы бастауыш партия ұйымының төрағасы Берік Хұсайыновпен бірге жоғары оқу орнының тыныс-тіршілігімен танысып шықты. Депутат «Ихтиология және аквакультура зертханасында», «Жәрдем-Вет» оқу-ғылыми өндірістік орталығында және «Жәңгір хан» спорт кешенінде болды. Бұдан соң мәжілісмен институт директорларымен кездесті.
Кездесу барысында институт басшылары ұсыныс-пікірлерімен бөлісіп, депутатқа сауалдарын жолдады.