Жәңгір хан университетінің 2021-2022 оқу жылындағы түлектеріне диплом табыстау рәсімі басталды.
Күні бүгін университеттің «Индустриалды-технологиялық» және «Политехникалық» институттарын тәмамдаған түлектерге дипломдары салтанатты түрде табысталды.
Кәсіби білім алып, үлкен өмірге қадам басқан жастар мен олардың ата-аналарын университет және институт басшылықтары құттықтап, олардың сапалы маман иелері болатындарына сенім білдірді.
Салтанатты шара барысында институт түлектеріне дипломдары салтанатты түрде табысталып, ұстаздары ақ тілектерін арнады. Сонымен қатар оқумен бірге қоғамдық жұмыстарға атсалысып, белсенділік танытқан білім алушылар арнайы марапатталды. Жан-жақты қырларымен танылған түлектерге «Біліктілікті арттыру куәліктері», құттықтау хаттар табысталды.
Жалпы биыл Жәңгір хан университетін 1000-нан астам түлек тәмамдаса, соның 250-дейі үздік білім көрсеткішін көрсетті.