Германияда 21 маусым-1 шілде аралығында 3-блок-семинар «Ақылды ауыл шаруашылығы және цифрландыру» ERASMUS + «Тұрақты ауыл шаруашылығы және болашақ агрожүйелер саласындағы жоғары оқу орнынан кейінгі дайындықты жетілдіру» жобасы өтті.
Семинар Германияның Нюртинген қаласындағы Нюртинген-Гайслинген университетінде ұйымдастырылды. Біздің университеттің атынан «Агротехнологиялық» институттың директоры т.ғ.к., доцент Марат Қайырлыұлы Оңаев, өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы жоғары мектебінің аға оқытушысы PhD Алия Қуандыковна Кушенбекова және докторант Улболсын Кужебаева қатысты.
Семинар барысында Нюртинген-Гайслинген университетінің докторы Хайнрих Шюлле (Германия), докторанттар Сара Пфафф, Иоханнес Мунц баяндама жасады. Сондай-ақ, техникалық университетінің докторы Михаэль Паулус, доктор Альберт Штоль, Жәңгір хан Атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің т.ғ. к. Оңаев М. Қ., Қазақ ұлттық аграрлық-зерттеу университетінің докторы Жарас Айнақұлов, профессоры Қуаныш Жоламанов, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің докторы Ермек Сарсикеев, А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің магистрі Бейбіт Калиев баяндамалар жасады.
Семинар барысында қатысушылар топтар бойынша жұмыс жүргізді және өзін-өзі таныстыру ұсынылды.
Семинар барысында мал азығын кептіру зауытына – Ламердинген, майлы дақылдарды өсіру бойынша Йоханнес Зелль шаруашылығына, DiWenkla есептік кездесуіне қатысу, Mereihof Hohenheiim оқу кәсіпорнына, LAZBW мал шаруашылығы аграрлық орталығына, Drehers Erlebnishof Bad Saulgau фермерлік шаруашылығына барумен практикалық сабақтар өткізілді.