3 маусым Жәңгір хан университетінің мәжіліс залында Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университетімен онлайн кездесу өтті, оның барысында ниеттер туралы хаттамаға қол қойылды.
Тараптардың негізгі мақсаты білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықты жүзеге асыру болып табылады. Тараптардың бірлескен күш-жігерінің мәні қызметтің мынадай бағыттарын іске асыру болып табылады:
– «Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» КЕАҚ базасында «Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университеті» ФМБЖББМ өкілдігін құруға ат салысу;
– қос дипломды білім беру үшін бакалавриат пен магистратураның бірлескен білім беру бағдарламаларын құру;
– БҚАТУ түлектеріне УММТУ магистратурасы мен аспирантурасында квота орындарын ұсыну;
– бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу.