БҚАТУ ардагері – Азия чемпионы

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің ардагер спортшысы Николай Коломоец Азия чемпионатында 12 келілік екі гір тасын 72 рет көтеріп жеңіс тұғырынан көрінді.

БҚАТУ-дың «Экономика, ақпараттық технологиялар және кәсіби білім беру» институтының доценті, «Жәңгір хан» спорт клубының жаттықтырушысы Николай Коломоец гір көтеруден Азия чемпионатында жеңісті бағындырды. Ардагерлер арасында  85+ келі салмақ дәрежесінде сынға түскен 77 жастағы спортшы 12 келілік екі гір тасын 72 рет көтеріп, таңдай қақтырды.

Еске сала кетсек, гір спорты бойынша Азия чемпионаты Бурабайдың баурайындағы Щучинск қаласында өткен болатын.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу