БҚАТУ студенттері үздіктер қатарында

15 сәуір күні Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-да «Экономика» білім беру бағдарламасы бойынша студенттер арасындағы ХІV республикалық студенттік пәндік олимпиаданың онлайн режимдегі II кезеңі өтті.

Олимпиадаға 22  ЖОО-дан жалпы саны 93 студенттен құралған 31 команда қатысты. Онлайн режимінде алынған нәтижелер негізінде жүлделі орындар анықталып, Жәңгір хан университетінің «Топ-экономистер» командасы 3-орынды иеленді. Үздіктер арасынан суырылып шыққан білім алушыларымыз С.Сибагатов, Н.Харчев, М.Арыстановаларға доцент м.а., PhD докторы Салтанат Есенғалиева ғылыми жетекшілік етті.

Еске сала кетсек, онлайн олимпиадада 1-орынды ЕҰУ студенттері иеленсе,  2-орынға ЕҰУ және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері тұрақтады. Ал 3-орынды университетіміздің студенттері  С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ және Шәкәрім атындағы университетінің студенттерімен өзара бөлісті.

Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз. Ғылыми жетістіктеріңіз көп, алар асуларыңыз биік болсын!

📚 Loading…