Жұмыспен өтеу мәселелері бойынша мемлекеттік тапсырыс негізінде 2022 жылы оқуларын тәмамдайтын студенттермен ақпараттық-түсіндіру кездесу
14 сәуір күні Zoom платформасында «Қаржы орталығы» АҚ-ның менеджері Байсеркешова Мария Сағитжанқызының және «Мансап және бизнес-серіктестік» орталығының қызметкерлерінің қатысуымен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. Онлайн шараға университеттің мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде 2022 жылы оқуды аяқтайтын білім алушылары қатысты. Кездесу барысында оқуын аяқтағаннан кейін түлектердің міндетті үш жылдық жұмыспен өтелуі, сондай-ақ осы мәселеге қатысты заңға енгізілген өзгерістер қарастырылды. Кездесу барысында түлектер өздерін қызықтыратын сұрақтарға жауап алды.