Жәңгір хан университетінде 18 наурыз күні жылдағы дәстүрге сай Наурыз мерекесі атап өтілді.
Мерекелік шарада университеттің басқарма төрағасы-ректор Асқар Наметов ұжымды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, жұмыстарына шығармашылық табыс тіледі.
Жастар бастамасын дамыту орталығы мен Студенттердің өзін-өзі басқару ұйымы ұйымдастырған мерекелік кеште қазақтың салт-дәстүрінен сахналық қойылымдар көрсетіліп, концерттік бағдарлама тарту етілді.