«БЕЛЕС-АГРО» ЖШС: ПРАКТИКАҒА БАҒЫТТАЛҒАН САБАҚ

Экономика және аудит жоғары мектебінің аға оқытушысы Н.А.Ахметжанова БЭК-32, БАН-32, БМУ-22 (2) топтарында «Экономикалық зерттеулер және бизнесті жоспарлау» пәні бойынша «Белес-Агро» ЖШС өндірісінде практикаға бағытталған сабақ өткізді.

Практикаға бағытталған сабақ басталар алдында еңбекті қорғау бөлімінің басшысы қауіпсіздік техникасы бойынша алғашқы нұсқаулығын өткізді. Өндірісте диірмен бастығы Н.Т.Губашев студенттерді кәсіпорын қызметінің негізгі бағыттарымен, холдинг құрылымымен, шикізатты өндіру және жеткізу каналдарымен, компанияның маркетингі мен дистрибуциясымен, компанияның стратегиясымен және өнімді тарату арналарымен таныстырды.

Студенттер практикаға бағытталған сабақта сұрақтарын қойып, өз мамандықтарына қызығушылық танытты.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу