Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің «Сынақ орталығы» ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынақ және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптарға» сәйкес құзыреттілікті растау рәсімінен сәтті өтті және Ұлттық аккредиттеу орталығынан аккредиттеу аттестатын алды.
