2021 жылдың 11-қарашасында Агротехнологиялық институтының «Өсімдік өнімдерін өндіру технологиясы» жоғары мектебінің ЗКР-41 тобының студенттері Аспен Орынбаевтың және Алия Кушенбекованың жетекшілігімен «Өсімдіктерді қорғау әдістері», «Өсімдік қорғау мен карантиннің заңдылық және нормативтік негіздері» пәндерінен практикаға бағытталған сабақтар өтті. Білім алушылар «World Green Company» ЖШС-не барып, жылыжайда көкөніс дақылдарының голландық өсіру технологиясының ерекшелігі және сол дақылдарды зиянды ағзалардан қорғау әдістері жөнінде толық ақпарат алды. Сонымен қатар білім алушылар жылыжайдағы машина-құралдармен танысып, жұмыс барысын өз көздерімен көріп қайтты. Практикаға бағытталған сабақ барысында болашақ мамандар өз сұрақтарын қойып, мамандықтарына қызығушылықтары артқанын байқатты.
Жылыжайда практикаға бағытталған сабақ өтті
12-11-2021
200
Көп оқылғандар
-
Халықаралық конференция өтті апта
1 657 10.04.2026 -
Таразда Қазақстанның оңтүстігінде қымыз фермаларын дамыту перспективалары...
769 24.04.2026 -
Ташкент мемлекеттік аграрлық университетінің доценті дәріс оқыды
765 13.04.2026 -
Ғалымдар халықаралық семинарға қатысты
755 23.04.2026 -
ҚХР елшілігі өкілдерімен кездесу
676 22.04.2026
Жоғары




