3 қараша күні «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялары тобына дарынды дастарту тарту және дамытудың «Жас Өркен» атты Бағдарламасының презентациясы өтті. Презентацияны аудиториямен тікелей диалог түрінде жобаның координаторы Актилеуова Асель және жоба маманы Рашидова Дильдора өткізді.
Бағдарламаның мақсаты – Қор тобы компанияларындағы топ-менеджерлер позициясына мықты әлеуетті кандидат болуға қабілетті жас таланттарды іріктеу және дамыту. Бұл оған қабылданған университет тәмамдаған жастарға топ-менеджерлердің тәлімгерлігімен жұмыс істеуге, hard және soft дағдыларына оқытудан өтуге, ротациядан өту кезеңі үшін жалақы алуға, сондай-ақ ротация орнына жол жүру және тұру ақысын төлеуге мүмкіндік беретін бірегей бағдарлама. Бағдарлама сәтті өткен жағдайда әрі қарай жұмысқа орналастыруды көздейді.
Бағдарлама 6 турдан тұрады, оның біріншісі 2022 жылдың 1 қаңтарында басталады. Бағдарлама туралы толығырақ ақпаратты оның әлеуметтік желілердегі ресми парақшалардан алуға болады.