Ағымдағы жылдың 27 қазанында бітіруші курс студенттерімен жұмыс және оларды бөлуге дайындау шеңберінде Мансап және бизнес-әріптестік орталығымен педагогикалық, техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша квота шегінде (“Мәңгілік ел жастары-индустрияға”жобасы) оқуға түскен 4 курс студенттерімен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында Орталық директоры мемлекеттік білім беру тапсырысы есебінен білім алып жатқан түлектердің еңбекпен өтеу мәселелерін реттеудің құқықтық аспектілеріне, атап айтқанда еңбекпен өтеу жүргізілуі тиіс түлектердің категорияларына, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбекпен өтеуден босатылатын түлектердің категорияларына, сондай-ақ бітірушілерді бөлудің ұйымдастырылуына тоқталды.