Жәңгір хан университетінде «Етті-майлы және етті-жүнді бағыттардағы қой тұқымдарын бонитировкалау» тақырыбында семинар өтті. Бұл іс-шараны – Ұлттық аграрлық ғылыми білім беру орталығы мен Жәңгір хан университетінің арасындағы келісімшартқа сәйкес «AGROTECH HUB» жобалық кеңсесі ұйымдастырды.
Семинар жұмысына Батыс Қазақстан облысымен қатар, Ақтөбе және Атырау өңірлеріндегі шаруа қожалықтарының, сонымен қатар Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы аграрлық университеттердің қой шаруашылығы саласының мамандары қатысты.
Семинар барысында ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Балуаш Траисов, ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты, доцент Қайырлы Есенғалиев, «AGROTECH HUB» жобалық кеңсесінің жетекшісі, Ph.D докторы Дархан Смағұлов отандық қой шаруашылығының қазіргі жағдайы мен даму болашағы, жартылай биязы жүнді кроссбредті қой шаруашылығын жүргізу технологиясы, қылшық жүнді құйрықты қой шаруашылығын жүргізу технологиясы сияқты мәселелерге тоқталды.
Семинардың тәжірибелік бөлімі күннің екінші жартысында «Жәңгір хан атындағы БҚАТУ» КЕАҚ Ветеринарлық клиникасында Ақжайық және Еділбай тұқымды қойларға бағалау жүргізу бағытында жүргізіліп, шара соңында қатысушыларға сертификат табысталды.
Жәңгір хан университетінде «Етті-майлы және етті-жүнді бағыттардағы қой тұқымдарын бонитировкалау» тақырыбында семинар өттіСеминар жұмысына Батыс Қазақстан облысымен қатар, Ақтөбе және Атырау өңірлеріндегі шаруа қожалықтарының, сонымен қатар Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы аграрлық университеттердің қой шаруашылығы саласының мамандары қатысты. Семинар барысында отандық қой шаруашылығының қазіргі жағдайы мен даму болашағы жайында сөз қозғалды. Семинардың тәжірибелік бөлімі күннің екінші жартысында университеттің Ветеринарлық клиникасында Ақжайық және Еділбай тұқымды қойларға бағалау жүргізу бағытында жүргізіліп, шара соңында қатысушыларға сертификат табысталды.