2021 жылдың 21 қазанында технологиялық жабдықтардың операторы Қойшекен Болатбекпен кездесу өтті. Кездесу мақсаты 6В07202 – «Мұнай – газ ісі» мамандығының 2-3 курс білім алушыларына проблемалық дәріс өткізу болды. Проблемалық дәрістің негізгі идеясы Қарашығанақ өңдеу кешенін жетілдіру сұрақтары мен өндірістегі технологиялық қауіпсіздік мәселелерін қарастыру болды.
Қойшекен Б. ұңғыма өнімін жинау және дайындау жүйесінің технологиялық сұлбасындағы проблемалық аумақтарын слайд материалдарында көрсетті. Қарашығанақ кен орнының санитарлық аймағы мен кәсіпшіліктегі техника қауіпсіздігі жөнінде айтылды.