Университетте Орал қалалық жастар ресурстық орталығы мамандарының және Зашаған полиция бөлімшесінің учаскелік инспекторларының қатысуымен кездесу өтті.
Студенттер алдында дәріс оқыған кездесу қонақтары дәстүрлі діни ағым, құқық бұзушылықтың алдын алу жағдайлары туралы айтып өтіп, жастар ресурстық орталығының бағдарламалары туралы түсіндірді. Бұл іс-шараны Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті мен Орал қалалық жастар ресурстық орталығы бірлесе ұйымдастырды.
Баяндамашылар жастар үшін пайдалы ақпараттармен бөлісіп, олардың назарын қоғамдағы кейбір кереғар жайттарға аударды.