Жуырда Жәңгір хан университетінде болған «Nur Otan» партиясы «Jas Otan» жастар қанатының белсенді мүшелері, аймақтық Жастар кеңесінің өкілдері, «Интеграл» жастар қоғамдық бірлестігінің мамандары, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары Студенттер үйлерін аралап, мониторинг жүргізді. Жұмыс тобы студенттер үйіндегі санитарлық талаптардың сақталуын қадағалап, студенттердің орналасу тәртібімен танысты.
Мониторингтік топқа студенттер үйіне жүргізілген жөндеу жұмыстары, ыстық және салқын сумен қамтамасыз ету шаралары, студенттердің өзін-өзі басқару ұйымының тынысы және білім алушылардың әлеуметтік жағдайына байланысты іс-шаралар таныстырылды. Студенттер үйі тұрғындарының ахуалын зерделеген топ мүшелері жатақхана аумағында студенттерге арналған жаңа спорттық тренажерлар орнатылғанын, изолятор бөлмесі карантиндік талаптарға сай жабдықталғанын атап өтті.