Белсенді студенттер қатары толықты

Жәңгір хан университетінде 1-курс студенттеріне арналған таныстыру кеші өткізілді. Шара барысында жастар бастамасын дамыту орталығының директоры Асхат Өкшебаев студенттерді университет бөлімдерімен таныстырып, құрылымдарын атап өтті.

Ал, университеттің ұйым жетекшілері мен институттардың студенттік декандары 1 курс білім алушыларын оқу ордасының белсенді өміріне атсалысуға шақырды. Белсенді өмірдің артықшылықтары мен басымдықтарын атап өткен белсенді аға буын студенттері – университеттің атын республикалық деңгейде танытып жүргендерін де тілге тиек етті.

Қазақстан студенттер альянсының көшбасшысы Мұса Көней біліммен қатар қоғамдық жұмыстарға белсене араласу – дербес тұлға болып қалыптасуда маңызды рөл атқарады деп тарқатты.

Таныстыру кеші агротехнология институты ұйымдастырған концерттік бағдарламамен жалғасты.

📚 Loading…