Университет профессор-оқытушылар құрамын, қызметкерлер мен студенттерді белсенді вакцинациялауға ынталандыру шаралары:

1. 50 оқытушы мен қызметкерге «Ақжайық» санаториясына демалу үшін төлеген қаражатының 50 % -на өтемақы төлеу;

2. Вакцина алған алғашқы 150 студенттің оқу ақысына 5 % жеңілдік;

3. Вакцина алған студенттерге жатақханада кезексіз орналасу құқығын беру;

4. Еңбек демалысы кезінде вакцина алған 100 оқытушы мен қызметкерге қосымша демалыс беру;

5. Вакцина алуды әлеуметтік желілер мен БАҚ арқылы белсенді насихаттаған 50 оқытушы мен қызметкерге, 100 білім алушыға арнайы сыйлықтар тағайындау;

6. Вакцина алған оқытушылар мен білім алушыларға біліктілікті арттыру және академиялық алмасу бойынша басымдықтар беру;

7. Вакцина алған оқытушылар мен білім алушыларға университеттің фитнес залына тегін абонементтер беру.

📚 Loading…