Білім беру сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттік өткізетін Қазақстанның үздік техникалық ЖОО-2020 жыл сайынғы ұлттық рейтингісінде – Рейтинг (IQAA – Ranking) біздің университет 63,95% жинап, 8-ші орынға ие болды (https://iqaa-ranking.kz/, «Казахстанская правда») (2020ж. – 8-ші орын). ЖОО-ның қорытынды бағасы бес критерийден тұрды:
1) Академиялық қызмет және жұмысқа орналасу нәтижелері (студенттер контингенті бойынша рейтинг, студенттердің оқу нәтижелері бойынша және білім беру бағдарламаларының саны бойынша рейтинг, академиялық кадрлар бойынша рейтинг (профессорлық-оқытушылық құрамы және ғылыми қызметкерлер), ғылыми-зерттеу және инновациялық жұмыс бойынша рейтинг, халықаралық ынтымақтастық бойынша рейтинг, ақпараттық қамтамасыз ету бойынша рейтинг, түлектердің жұмысқа орналасуы мен жетістіктерінің нәтижелері бойынша рейтинг) – 47,98%;
2) Сараптамалық бағалау – 4,89%;
3) Жұмыс берушілердің беделі – 4,46%;
4) Студенттерді бағалау – 3,40%;
5) Бітірушілерді бағалау – 3,22%.
Университет беделі оның ұлттық білім беру нарығында бәсекеге қабілетті жетістігінің негізгі факторы болып табылады. Бұл үдерісте рейтингтер басты рөл атқарады, жетекші орындарға ие бола отырып, университет тек талапкерлер үшін ғана емес, сонымен қатар жұмыс берушілер үшін де өзінің тартымдылығын күрт арттырады.