Жұмыспен өтеу мәселелері бойынша мемлекеттік бюджет есебінен білім алатын 1-3 курс студенттерімен және түлектерімен ақпараттық-түсіндіру жиналысы

2021 жылғы 20 мамырда Microsoft Teams платформасында мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқитын «Жәңгір хан атындағы БҚАТУ» КеАҚ 2021 жылғы түлектерімен және 1-3-курс студенттерімен кездесу өтті. Жиналысқа Басқарма төрағасының орынбасары-ректор, оқу ісі жөніндегі проректор, а/ш.ғ. д. Губашев Нүркен Маратұлының және «Қаржы орталығы» АҚ әлеуметтік жобалар мониторингі департаментінің менеджері Серікқали Ақзира қатысты. Кездесу барысында оқуын аяқтағаннан кейін түлектердің міндетті түрде үш жыл жұмыс жасауы керектігі, сондай-ақ Білім туралы Заңға енгізілген өзгерістер туралы айтылды. «Қаржы орталығы» АҚ операторы таныстырылым ұсынып, түлектердің сұрақтарына жауап берді.

📚 Loading…