Сіздерді университетіміздің қазіргі заман талаптарына сай білімді де білікті білім алушылар қатарынан өздеріңізге қажетті мамандарды таңдап алуға немесе оларды кәсіптік практика, сынақ ісіне тартуға шақырамыз.
Сонымен қатар, Сіз университеттің кәсіптік практика және түлектерді жұмысқа орналастыру орталығына хабарласу арқылы түлектерді тұрақты жұмысқа, «Жастар практикасы» бағдарламасы бойынша сынақ ісіне қабылдай аласыз.
Кәсіптік практика және түлектерді жұмысқа орналастыру орталығы
Инновациялық жобаларға арналған интенсивті бизнес-инкубациялық бағдарлама
2026 жылғы 21 сәуір – 6 мамыр
Жәңгір хан атындағы БҚАТУ бизнес-инкубаторы
Сізде инновациялық идея немесе жоба бар, бірақ оны нарыққа қалай шығарып, қаржыландыру тартуды білмейсіз бе?
Біз сізге бұл жолды жылдам, сауатты және нәтижелі өтуге көмектесеміз!
Сіз не аласыз:
✅ QazInnovation коммерцияландыру конкурсының 1-кезеңіне қатысуға жобаны дайындау
✅ Бизнес және ғылым саласындағы сарапшылардан практикалық білім
✅ Жобаңызды жеке жетілдіру (индивидуалды пысықтау)
✅ Бағдарламаны аяқтағаныңыз туралы сертификат
Бағдарлама кімдерге арналған:
Форматы:
Сіздің идеяңызды небәрі 2 апта ішінде табысты жобаға айналдыру мүмкіндігі!
Тіркелу және толық ақпарат:
Технологияларды коммерцияландыру және бизнес-инкубациялау офисінің жетекшісі
Айешева Гүлшат, +7 705 387 06 01, gulshat74@bk.ru
Джигильдиева Жанылсын, +7 705 513 20 04, j_zhanylsyn@mail.ru
Гранттық бағдарлама жеңімпаздарының қатарынан көріну мүмкіндігін жіберіп алмаңыз! Орын саны шектеулі!
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті 7М07302-«Жерге орналастыру» білім беру бағдарламасы бойынша жыл сайынғы магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының конкурсының ІІ кезеңін өткізу бойынша базалық жоғары оқу орны болып табылады және конкурстық құжаттарды қабылдаудың басталғанын хабарлайды.
Жұмыстарды белгіленген мерзімде қағаз және электрондық тасығыштарда Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары магистранттарының ғылыми-зерттеу жұмыстарының жыл сайынғы байқауын ұйымдастыру және өткізу ережелеріне сәйкес («Республикалық ҒЗЖМ байқауына» деген белгімен) мына мекенжай бойынша жіберулеріңізді сұраймыз: индекс 090009, Орал қ., Жәңгір хан көш., 51. Электрондық пошта: nirmbqatu@mail.ru. Сұрақтар бойынша телефон: +7 705 514 8957 (Загипова Раушан Мақсотқызы).
Байқауға жұмыстар 2026 жылдың 27 сәуіріне дейін қабылданады.
11 наурыз бен 11 сәуір аралығында Цифрлық экономика және тұрақты даму институтында Ташкент мемлекеттік аграрлық университетінің доценті, PhD Фозилжон Эргашұлы Саитқұловтың дәрістері өтті.
Сабақтар академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында «Өнеркәсіптік экология» білім беру бағдарламасының студенттері мен магистранттарына арналды. Дәрістер барысында білім алушылар экологиялық қауіпсіздік, парниктік әсер, сондай-ақ қалдықтары аз технологияларды әзірлеудегі салалық экологиялық аспектілер бойынша білімдерін тереңдетті. Оқыту үдерісі теориялық және практикалық бағытта ұйымдастырылып, аграрлық және өнеркәсіптік секторлардағы қалдықтарды қайта өңдеу мен кәдеге жаратудың өзекті мәселелері бойынша белсенді пікірталастармен толықтырылды. Сабақтарда «виртуалды зертхана» әдісі мен ChemDraw Ultra бағдарламалық қамтамасыз етуі сияқты заманауи құралдар тиімді қолданылды.
Өткізілген дәрістер білім алушылардың кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға, экологиялық менеджмент саласындағы білімдерін кеңейтуге, сондай-ақ ғылыми-зерттеу, талдау және жүйелі ойлау дағдыларын қалыптастыруға елеулі үлес қосты.


Жәңгір хан университетінде «Етті мал шаруашылығы: ғылым, технологиялар, тұрақты даму» тақырыбында XXVI халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Ғылым айлығы аясында ұйымдастырылған дәстүрлі конференция бұл жолы қазақтың ақбас ірі қара мал тұқымының қалыптасқанына 75 жыл толуымен орайластырылды. Конференцияның пленарлық отырысына университеттің басқарма төрағасы-ректор Асқар Наметов, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің департамент директоры Бағлан Аймырзаев, БҚО әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов, ауыл шаруашылығы саласының өкілдері мен Қазақстан, Өзбекстан, Башқұртстан, Татарстан, Ресей ғалымдары қатысты.
Жиын барысында ғалымдар 2026–2035 жылдарға арналған мал шаруашылығын кешенді дамыту жоспарындағы ет бағытындағы ірі қара малдың алатын орны, қазақтың ақбас сиыр тұқымының қазіргі жағдайы мен даму бағыттары, етті ірі қара шаруашылығында генетикалық әлеуетті арттыру құралы ретінде қолданылатын ДНК-технологиялары, етті ірі қара шаруашылығында желілер бойынша асылдандыру, ауыл шаруашылығы қалдықтарын жедел өңдеу арқылы органикалық тыңайтқыштарды мобильді өндіру, ірі қара малды қолдан ұрықтандыру және басқа да ауыл шаруашылығына қатысты өзекті мәселелерді ортаға салып, тәжірибелерімен бөлісті.
Конференция жұмысы «Ауыл шаруашылығы ғылымдары», «Ветеринария және мал шаруашылығы», «Техникалық ғылымдар», «Гуманитарлық және экономикалық ғылымдар» секциялық отырыстарымен жалғасты.





Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғылым саласы өкілдерімен кездесіп, бір топ ғалымды Ғылым қызметкерлері күні қарсаңында марапаттады.
Солардың қатарында Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің «Құрылыс материалдары және технологиялар» ғылыми-зерттеу зертханасының жетекшісі, техника ғылымдарының докторы, профессор Сәрсенбек Монтаев та бар. Президент батысқазақстандық ғалымды «Парасат» орденімен марапаттады. Кездесу барысында сөз алған Сәрсенбек Әлиакбарұлы қазіргі уақытта мемлекет тарапынан ғылым саласына және инновациялық жобаларға айрықша мән беріліп жатқанын атап өтіп, алдағы уақытта да отандық ғылымның әлеуетін көтеруге өз үлесін қосудан күш-жігерін аямайтынын жеткізді.
«Болашақ» халықаралық бағдарламасының түлегі, көрнекті ғалым Сәрсенбек Монтаев Жәңгір хан университетінде 2005 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Сондай-ақ ғалым – әлемнің ең беделді ғалымдарының тізіміне енген қазақстандықтардың бірі.


Жәңгір хан университетінде «Жер қатынастары және жерге орналастырудың тұрақты дамуы: 30 жылдық тәжірибе мен болашақ бағдар» атты ғылыми-практикалық семинар өтті.
Ғылым айлығы аясында «Жерге орналастыру» және «Кадастр» білім беру бағдарламаларының құрылғанына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылған шараға университеттің профессор-оқытушылар құрамы, жұмыс беруші компания өкілдері, бизнес серіктестер, түлектер қатысты.
Шара барысында Жәңгір хан университетіндегі «Жерге орналастыру және кадастр» мамандықтарының құрылу тарихы туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар «Жерге орналастырудың тұрақты даму қағидаттары және оларды іске асыру тәжірибесі», «Жерге орналастырудың қазіргі жағдайы және даму перспективалары», «Жерге орналастыру жұмыстарын жетілдірудің инновациялық әдістері» тақырыбында баяндамалар оқылды.



1 Nasambaev, E., Akhmetalieva, A.B., Nugmanova, A.E., Doszhanova, A.O. Breeding Young Kazakh White-headed Cattle in Different Calving Seasons / Annals of Agri Bio Research. - Том 27, Выпуск 1, 2022, С 131 – 137 (Site Score – 81,050) https://www2.scopus.com/record/display.uri?eid=2s2.085131726798&origin=resultslist&sort=plff&src=s&sid=f4a11f95ccd9ed7ad51fd10a4cb4ec90&sot=aut&sdt=a&sl=18&s=AUID%2857190005016%29&relpos=0&citeCnt=0&searchTerm=&featureToggles=FEATURE_NEW_DOC_DETAILS_EXPORT:1,FEATURE_EXPORT_REDESIGN:0
2 Nasambaev, E., Akhmetalieva, A.B., Nugmanova, A.E., Doszhanova, A.O. The development of solutions for creating optimal balanced feeding rations for cattle depending on the region / Annals of Biology. - Том 37, Выпуск 2, 2021, С 242 – 248 (Site Score – 73,702) https://www2.scopus.com/record/display.uri?eid=2-s2.0-85119864369&origin=resultslist&sort=plff&src=s&sid=f4a11f95ccd9ed7ad51fd10a4cb4ec90&sot=aut&sdt=a&sl=18&s=AUID%2857190005016%29&relpos=1&citeCnt=1&searchTerm=&featureToggles=FEATURE_NEW_DOC_DETAILS_EXPORT:1,FEATURE_EXPORT_REDESIGN:0
3 Nugmanova A.E., Doszhanova A.O., Nasambaev E., Akhmetalieva A.B., Gubashev N.M. Meat productivity in bull calves of various genotypes / Annals of Biology. - Том 26, Выпуск 2, 2021, С 249 – 255 (Site Score – 97,246) https://www2.scopus.com/record/display.uri?eid=2s2.085118933103&origin=resultslist&sort=plff&src=s&sid=f4a11f95ccd9ed7ad51fd10a4cb4ec90&sot=aut&sdt=a&sl=18&s=AUID%2857190005016%29&relpos=2&citeCnt=1&searchTerm=&featureToggles=FEATURE_NEW_DOC_DETAILS_EXPORT:1,FEATURE_EXPORT_REDESIGN:0
4 Nasambaev E., Akhmetalieva A.B., Nugmanova A.E., Bertileu L.S., Doszhanova A.O. Assessment of the breeding qualities of Kazakh white-headed calves using the method of testing own productivity / Journal of Advanced Research in Dynamical and Control Systems, 2020, 12(7 Special Issue), p. 476-481 (Site Score – 29.66) https://www2.scopus.com/record/display.uri?eid=2s2.085090686758&origin=resultslist&sort=plff&featureToggles=FEATURE_NEW_DOC_DETAILS_EXPORT:1,FEATURE_EXPORT_REDESIGN:0
5 Akhmetalieva A.B., Nasambaev E., Bozymov K.K., Nugmanova A.E. Biological and adaptive abilities of young cattle of hereford and aberdeen-angus breeds and their cross-breeds in arid territories of west kazakhstan region / Periodico Tche Quimica, 2020, 17(36), P. 958–977. https://www.scopus.com/record/display.uri?eid=2s2.085097979723&origin=resultslist
6 Nassambaev E., Akhmetalieva A.B., Nugmanova A.E. Reproductive indicators of stud bulls and bull calves of the kazakh white breed of various genotypes / Advances in Animal and Veterinary Sciences. 2019. – 7(SpecialIssue 1). 2019, P. 85-87. (Site Score – 82.54) https://www.scopus.com/record/display.uri?eid=2s2.085077153809&origin=resultslist&sort=plff&src=s&sid=606453c67cc8f916be543de3ef973af1&sot=autdocs&sdt=autdocs&sl=18&s=AUID%2857190005016%29&relpos=0&citeCnt=1&searchTerm=
7 Nassambaev E., Akhmetalieva A.B., Nugmanova A.E. Pure breeding of the Kazakh white-headed cattle by lines as the main method of improving the hereditary qualities/Journal of Pharmaceutical Sciences and Research 10(12), – 2018. P. 3254-3256. (Site Score – 7.71)https://search.proquest.com/openview/692c909224754f431f5bb6587bac2164/1?pqrigsite=gscholar&cbl=54977https://www.scopus.com/record/display.uri?eid=2s2.085061022775&origin=resultslist&sort=plff&src=s&sid=606453c67cc8f916be543de3ef973af1&sot=autdocs&sdt=autdocs&sl=18&s=AUID%2857190005016%29&relpos=1&citeCnt=1&searchTerm=
8 Nassambaev E., Bozymov K.K., Akhmetalieva A.B., Nugmanova A.E. Clinical, physiological and reproductive characteristics of cattle / International Journal of Mechanical Engineering and Technology, Volume 9, Issue 11, November 2018. P. 1992-1996. (Site Score – 96.36) http://www.iaeme.com/MasterAdmin/UploadFolder/IJMET_09_11_209/IJMET_09_11_209.pdf / https://www.scopus.com/record/display.uri?eid=2s2.085058131563&origin=resultslist&sort=plff&src=s&sid=606453c6cc8f916be543de3ef973af1&sot=autdocs&sdt=autdocs&sl=18&s=AUID%2857190005016%29&relpos=2&citeCnt=1&searchTerm=
9 Насамбаев Е., Ахметалиева А.Б., Нугманова А.Е., Толеп Т. Хозяйственно – полезные признаки коров казахской белоголовой породы ТОО «Племзавод Чапаевский» // «Наука и образование в современном мире: Вызовы ХХI века»: материалы VI Международной научно-практической конференции (Сельскохозяйственные науки). – Нур-Султан: ОЮЛ «Общенациональное движение «Бобек». – 2020. –52-56 с.
Рекомендация по технологическим решениям для интенсификации производства мяса водоплавающих птиц Западно-Казахстанской област
Sabyrzhanov A. U. Prospects for the Development of Duck Breeding in the West Kazakhstan Region/ International Journal of Agriculture and Biosciences 13(3), страницы 519–524, https://www.scopus.com/pages/publications/85207312899
MakhimovaZh.N., Batyrgaliev E.A. Sengaliev E.M. THE EFFECTIVENESS OF USING BLACK SOLDIER FLY LARVAE IN FEEDING DUCKS/«Scince and education». Scientific and practical journal of Zhangir Khan West Kazakhstan Agrarian-Technical University, №3 (76) 2024. Стр.31-45, https://ojs.wkau.kz/index.php/gbj/issue/view/93