Университет ауласындағы акция

Бүгін Батыс Қазақстан облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен  «Интеграл» жастар қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған «Вакцина ал, өміріңді сақта!» атты акция өткізілді. Акцияның негізгі мақсаты – вакцинаның адам өмірі үшін маңыздылығын түсіндіріп, студенттерді екпе алуға шақыру. Шарада университтің Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректоры Ақылбек Сұлтанов алғы сөз сөйледі. Өз сөзінде проректор,

  • Адам өміріне ең қауіпті жұқпалы індетті жеңудің бір ғана жолы вакцинация. Бір адамның ғана емес, бір отбасының немесе тұтас ұжымның тағдырын сақтап қалуға септігін тигізетін екпе арқылы сіз өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз етесіз,- деп студенттерді вакцина алуға  шақырды.

Іс-шара барысында университет студенттері ән шырқап,  көңілді тапқырлар командасы өз өнерлерін көрсетті. Білім алушылар 1 курсқа түсуші студенттерді вакцина алуға шақырып, өздері де соларға үлгі болатындықтарын жеткізді.

  • Вакцина алу арқылы біз өз денсаулығымызды ғана емес, жалпы қоғамымызды пандемиядан қорғаймыз. Осы орайда, акция барысында 1 курсқа қабылданушы студенттерге екпе алудың осы сияқты маңызды тұстары түсіндірілді,- дейді университеттің индустриалды  технологиялар институтының 4 курс студенті Ескендір Сержанұлы.

Кеш жүргізушісі жуырда коронавирусқа қарсы екпе салдыртқан студенттер арасында ынталандыру сыйлықтары ойнатылатынын ескертті. Мұндай акция бүгін қаладағы төрт жоғары оқу орнында ұйымдастырылды.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:[email protected]
Жаңалықтарға жазылу