Спорт ардагерін еске алды

8 сәуір күні Жәңгір хан университетінде жемісті еңбек еткен, ұлағатты ұстаз болған спорт ардагері Ермек Жағалұлы Адиловты еске алуға арналған волейбол турнирі ұйымдастырылды.

 Бұл жарысқа батыс аймақтық жоғары және арнаулы орта оқу орындарының оқытушыларынан құралған командалар қатысты.

Жарыстың ашылу салтанатына университетіміздің проректоры Ақылбек Ұзақбайұлы мен Ермек Жағаұлының отбасы және басқа да шақырулы қонақтар қатысып, спорт ардагерін еске алып, командаларға сәттілік тіледі.

Спорт ардагерінің есімі ұлықталған турнир соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды. Турнир нәтижесінде жүлделі 1-орынды БҚАТУ командасы жеңіп алды. Ал 2-орынды №24 ЖОББ мектебінің командасы иеленсе, 3-орынға Подстепное ЖОББ мектебінің ойыншылары қол жеткізді.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу