Халықаралық ынтымақтастық бөлімі университетті интернацияландыруға жауапты оқу орнының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Бөлімнің мақсаты: университеттің шетелдік университеттер, халықаралық ұйымдармен байланысын дамыту арқылы халықаралық ғылым-білім кеңістігіне ықпалдасуына көмектесу.
Бөлім қызметінің негізгі бағыттары:
Университеттің халықаралық қызметі Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың болашақта әлемдік білім беру және ғылым кеңістігіне ықпалдасуына бағытталған.
Университетте интернацияландырудың мынандай формалары қолданылады: шетелдік студенттер мен профессорларды тарту, білім алушылардың қысқа мерзімді ұтқырлығы бойынша айырбас бағдарламаларын ұйымдастыру, бірлескен білім беру бағдарламаларын жасау және енгізу, біліктілікті жетілдіру және тағылымдама курстарынан өту.