Академик Ш. Есенов атындағы ғылыми білім беру қоры hard skills және/немесе soft skills дағдыларын дамытуға арналған жаңа 10 грант байқауын жариялайды.
ЕГЕР СЕН:
- ҚР азаматы болсаң;
- Қазақстандық ЖОО студенті немесе ағымдағы маман/қызметкер болсаң;
- Сенің мамандығың – ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, жаратылыстану, математика және статистика, денсаулық сақтау болса;
- Өзіңнің soft и hard skills дағдыларыңды дамытқың келсе.
Онда сенің ГРАНТТЫ ҰТЫП АЛЫП, ұзақтығы 12 айға дейінгі онлайн/офлайн оқудан өтуге мүмкіндігің бар!
Бұл үшін 17.04 бастап 18.05.2023 ж. дейін қор сайтында онлайн-өтінімді толтырып, келесі құжаттар пакетін ұсыну қажет:
Міндетті құжаттар:
- жеке куәліктің сканы;
- оған қосымша дағдылардың не үшін керек екенін, олардың кәсіби және жеке өміріне қалай әсер ететінін түсіндіруі керек мотивациялық хат;
- Түйіндеме/CV.
Қосымша құжаттар:
- Үміткердің белгілі бір саладағы жетістіктерін және/немесе мүдделерін көрсететін портфолио және тиісті растауды ұсыну – 3 құжаттан артық емес;
- Ұсыным – 1 құжаттан артық емес;
- Академиялық жетістіктер, зерттеу және/немесе инжинирингтік қызметтегі жетістіктер, түрлі деңгейдегі конференцияларға, семинарларға қатысқандары үшін сертификаттар-3 құжаттан артық емес*;
- Жеке, ұжымдық жарияланымдар – 2-ден артық емес;
- Диплом, болған жағдайда (соңғы оқу орны) – 1 құжаттан артық емес;
- Әлеуметтік белсенділік және еріктілік сертификаттары – 2 сертификаттан артық емес*
* Қор сертификаттардың шектеулі санын қарастырады. Үміткер өзінің жетістіктерін жақсы көрсететін сертификаттарды өз бетінше таңдауы керек.