Студенттерді әскери кафедрада оқыту

«Запастағы офицерлер мен запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша әскери дайындық қағидаларына» сәйкес,  Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың әскери кафедрасы запастағы офицерлер мен запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша оқыту үшін студенттерді (ер балалар мен қыздар) қабылдайды.

Конкурсқа қатысуға 24 жастан үлкен емес жастағы студенттер жіберіледі.

Әскери кафедрада оқу:

  • БҚАТУ-дың студенттері үшін – тегін негізде;
  • басқа ЖОО-ның студенттері (ұлдар мен қыздар) үшін – ақылы негізде;
  • запастағы сержанттар үшін оқу 1 жыл – ақылы негізде.

Құжаттар бірінші (4 жылдық оқумен) және екінші (5 жылдық оқумен) курс студенттерінен қабылданады.

Студенттерді конкурстық қабылдау төрт кезеңде жүзеге асырылады:

  1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы №716 бұйрығымен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәргерлік сараптаманы жүргізу қағидалары және әскери-дәргерлік сараптама комиссиялары туралы ережеге сәйкес бекітілген медициналық куәландырудан өту – ағымдағы жылдың ақпан-мамыр айларында;
  2. Кәсіби-психологиялық тестілеу жүргізу, дене шынықтыру дайындығын тексеру, конкурстық қабылдау – 2024 жылғы 10-21 маусым аралығында.

Конкурстың әрбір кезеңінен тек бір рет өтуге жол беріледі.

Әскери кафедрада өтініштерді қабылдау 2024 жылғы 5 ақпаннан  31 мамырға дейін, күн сайын сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін жүргізіледі.

Оқуға ниет білдірген студент әскери кафедраға келіп, өтініш жазады және өзімен бірге мына құжаттарды алып келуі тиіс:

  • Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі (түпнұсқасы);
  • тіркеу куәлігі немесе әскери билет (түпнұсқасы мен көшірмесі);
  • көлемі 3х4 – 2 фотосурет;
  • сәйкес нысан бойынша соттылығының болуы не болмауы туралы анықтама;
  • спорттық жетістіктерді (бар болған кезде) растайтын құжат;
  • Факультет (институт) деканының қолы мен деканаттың мөрі қойылған студенттің ЖОО-да нақты оқуы туралы анықтама;
  • үш парақ – А-4 форматты ақ қағаз.

Оқуға түсу жөніндегі сұрақтар бойынша Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың әскери кафедрасына жолығыңыз немесе 50-16-57 телефонына хабарласыңыз (ішкі тел. 2-25, 1-88). vk_zkatu@mail.ru

                                                                                 Әскери кафедра

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу