Шет елде оқу үшін конкурс жарияланады

ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м. а. 15.02.2024ж. №62 “2024 жылға арналған академиялық ұтқырлық шеңберінде шетелде оқу үшін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарындағы орындардың санын бекіту туралы” бұйрығына сәйкес “Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті” КеАҚ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫ ЕСЕБІНЕН АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША БІР СЕМЕСТР ШЕТ ЕЛДЕ ОҚУ ҮШІН КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ.

Біздің университет үшін орын саны – 5.

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

  • бакалавриат студенті болу;
  • ҚР азаматтығына ие болу;
  • жоғары академиялық көрсеткіштер (орташа балл 3,0-ден жоғары);
  • шет тілін меңгеру;
  • факультетте конкурстық іріктеуден өту.

Академиялық ұтқырлық шеңберінде шетелде оқуға арналған конкурсқа қатысу үшін үміткер халықаралық ынтымақтастық бөліміне мынадай құжаттарды ұсынады:

  • білім алушының өтініші;
  • Қазақстан Республикасы азаматының паспортының көшірмесі;
  • білім туралы құжат: университеттің мөрімен расталған ағымдағы үлгерім туралы транскрипт;
  • институттан ұсыныс хат;
  • шет тілін білуді бағалаудың халықаралық жүйелері (IELTS, TOEFL) арқылы алынған сертификат;
  • егер үміткерде шет тілін меңгеру деңгейі туралы IELTS, TOEFL сертификаты болмаса, студент Жәңгір хан атындағы БҚАТУ тілдерді дамыту орталығынан (Бас ғимарат, 4 қабат, 409 кабинет) шет тілін меңгеру деңгейі туралы анықтама/сертификат алуы тиіс.

Академиялық ұтқырлық шеңберінде оқуға арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру мерзімі – 05.04.2024 ж. дейін.

Барлық сұрақтар бойынша халықаралық ынтымақтастық бөліміне (Бас ғимарат, 2 қабат, 215 кабинет) хабарласуыңызды сұраймыз. 

Сондай-ақ, сіз біздің WhatsApp-тағы ашық чатқа мына сілтеме арқылы қосыла аласыз: https://chat.whatsapp.com/Hj48pP8fmYt7UhLWu1M6Cx

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу