РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫ ЕСЕБІНЕН АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрінің 2025 жылғы 26 наурыздағы №133 бұйрығына сәйкес «2025 жылға арналған академиялық ұтқырлық шеңберінде шетелде оқу үшін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарындағы орындардың санын бекіту туралы» “Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті” РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫ ЕСЕБІНЕН АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ ШЕҢБЕРІНДЕ ШЕТЕЛДЕ ОҚУҒА БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАЙДЫ.

Осы байқауға қатысты барлық сұрақтар шетелде оқу, оның ішінде Шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу қағидаларын бекіту туралы Ережелермен реттеледі https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000020645

📌 Үміткерлерге қойылатын талаптар:
• Бакалавриатта білім алушы болуы;
• Қазақстан Республикасының азаматы болуы;
• Жоғары академиялық үлгерімге ие болу (GPA 3.0 және одан жоғары);
• Ағылшын тілін жақсы меңгеру (Intermediate және одан жоғары);
• Институтта конкурстық іріктеуден өтуі, ол институт кеңесі отырысының хаттамасынан көшірмеде келтірілген білім алушыны ұсыну туралы жазбамен расталуы тиіс.

Республикалық бюджет қаражаты есебінен академиялық ұтқырлық шеңберінде шетелде оқуға арналған байқауға қатысу үшін үміткер мемлекеттік немесе орыс тілдерінде келесі құжаттарды жұмыс күндері сағат 17.00-ге дейін Халықаралық ынтымақтастық бөліміне және университет кеңсесінде бір уақытта тіркетіп және конкурсқа құжаттарды тапсыру фактісін растайтын талон-хабарлама ала отырып ұсынады:

• толтырылған анкетаның түпнұсқасы (3*4 фотосуретімен);
• білім алушы мен ата-ананың қолмен жазылған түпнұсқа өтініші (A4 форматында);
• Қазақстан Республикасы азаматының паспортының көшірмесі (құжаттарды тапсыру кезінде салыстырылып тексеру үшін түпнұсқасы көрсетілу керек);
• университеттің мөрімен расталған, қазіргі оқу үлгерімі туралы транскрипттің түпнұсқасы (GPA 3.0-ден төмен болмауы тиіс);
• институт әкімшілігі өкілінен ұсыныс хаттың түпнұсқасы (институт директоры мен ұтқырлық бойынша эдвайзердің қолы болуы міндетті);
• шет тілін білу деңгейін бағалайтын халықаралық жүйелер арқылы алынған сертификат көшірмесі (IELTS – кем дегенде 5.5, TOEFL – кем дегенде 46) (құжаттарды тапсыру кезінде салыстырылып тексеру үшін түпнұсқасы көрсетілу керек);
үміткерде IELTS/TOEFL сертификаты болмаған жағдайда студент шет тілін меңгеру деңгейін растайтын, тілдік дайындық және дағдыларын бағалауға маманданған ұйым берген құжаттың көшірмесін ұсынуы тиіс (құжаттарды тапсыру кезінде салыстырылып тексеру үшін түпнұсқасы көрсетілу керек);
• таңдалған оқу бағыты бойынша республикалық немесе халықаралық деңгейдегі іс-шараларға қатысқаны үшін алған грамот, сертификат, дипломдардың көшірмелері (құжаттарды тапсыру кезінде салыстырылып тексеру үшін түпнұсқасы көрсетілу керек);
• ата-ананың нотариалды куәландырылған келісімі;
• анықтама «Медициналық анықтама (шетелге шығуға арналған)» № 072/у нысаны бойынша;
• келесі санаттағы тұлғаларға қатыстығын растайтын құжаттың көшірмесі (құжаттарды тапсыру кезінде салыстырылып тексеру үшін түпнұсқасы көрсетілу керек):

  • ата-анасының қамқорлығысыз қалған жетім балалар – үміткердің ата-анасының жоқтығын растайтын құжат;
  • бала кезінен мүгедектігі бар тұлғалар және мүгедек балалар – Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілген нысан бойынша мүгедектік анықтамасы;
  • көпбалалы отбасынан шыққан балалар – бірге тұратын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалардың туу туралы куәлігі;
  • ауылдық елді мекеннен шыққан балалар – ауылдық елді мекендегі үміткердің тұрғылықты жері туралы анықтама.

Электрондық анкетаның формасы және өтініш үлгілері келесі сілтемелер бойынша орналастырылған:
Анкетаhttps://docs.google.com/document/d/1W2yK3LOGRqaNXv2dxFXDegWyakJ4CLem/edit

Өтініш үлгілеріhttps://docs.google.com/document/d/1r7qV-tspxumw_fQbQo9SCo5zDVIYn22D/edit

Сұрақтар туындаған жағдайда, Халықаралық ынтымақтастық бөліміне Индира Абдимуталипқызына хабарласуға болады (Бас ғимарат, 2-қабат, 215-кабинет).

Сондай-ақ, WhatsApp тобына келесі сілтеме арқылы қосылуға болады: https://chat.whatsapp.com/CaqylvByj7j82DROl38GKh

📌 Республикалық бюджет қаражаты есебінен академиялық ұтқырлық шеңберінде оқуға арналған құжаттарды тапсырудың соңғы мерзімі – 2025 жылдың 3 мамыры, сағат 17:00.