Академиялық оралымдылық бағдарламасы бойынша Польша еліне, Лодзь қаласының Лодзь университетіне көктемгі семестрге оқуға баруға ниет білдіретін студенттерді 23 қазан күні сағат 10:00-де Халықаралық ынтымақтастық бөліміне шақырамыз. Студенттер өздерімен бірге төмендегі құжаттарды алып келуі міндетті:студент өтініші, ата-ана өтініші, транскрипт (2023-24 о.ж. қорытындысымен), жеке куәлік көшірмесі және институт директорынан ұсыныс хат. Өтініштердің үлгісі институттарға жіберілді.