«Жәңгір хан атындағы БҚАТУ» КеАҚ егде жастағы тыңдаушыларды «Күміс университет» жобасының бағдарламаларына оқуға шақырады. Бұл жоба өмір бойы білім беру тұжырымдамасына және Қазақстан Республикасында жоғары білім мен ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылуда.
Жобаның негізгі мақсаты – егде жастағы адамдардың шығармашылық және кәсіби қызметін кеңейту. Жоба зейнеткерлерге жас кезінде үлгермеген немесе оқығысы келмеген салаларын оқуға мүмкіндік береді. Тренингтерге, семинарларға, шеберлік сабақтарына қатысушылар әлеуметтік желілерді пайдалануды, телефонда бағдарламаларымен жұмыс істеуді, көпшілік алдында сөйлеуді үйренеді, қаржылық сауаттылығын арттырады, салауатты өмір салтын қалыптастыру дағдыларын меңгереді.
Бағдарламалар тізімі:
1. Электронное правительство и государственные услуги
2. Информационно-коммуникационные технологии
3. Қаржылық сауаттылық негіздері/Основы финансовой грамотности
4. Жасы үлкен адамдарды дене шынықтырумен сауықтандыра әлеуметтік өмірге белсендіру
5. Жасы үлкен адамдарды бейімдеу дене шынықтырумен оңалту
6. Жасы үлкен адамдардың икемді дене шынықтыру құралдарын таңдау мен қолдануға қолдау жасау
7. Деловой казахский язык
8. Разговорный казахский язык
55 жастан асқан тыңдаушыларды біздің жаңа бағдарламамызға оқуға шақырамыз. Сабақтар 2025 жылдың 6 қазанында басталады. Оқыту тегін, оқу аяқталғаннан кейін тыңдаушыларға сертификат беріледі.
Сұрақтар бойынша төмендегі мекенжайға хабарласыңыз:
БҚО, Орал қаласы, Жәңгір хан көш., 51
Тел. 8(7112)521962
Қашықтықтан және қосымша білім беру бөлімі.