Құрметті жұмыс берушілер!

Ағымдағы жылдың 15 мамырында Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесін» ұйымдастырады, оған ЖОО-ның барлық мамандықтарының бітіруші курстарының білім алушылары қатысады.

Сіздерді жәрмеңкеге қатысуға шақырамыз. Қатысатыныңызды растау үшін толтырылған өтінімді mansaportaligi@mail.ru эл. поштаға жіберуіңізді   сұраймыз. Байланыс телефон нөмірі 8 (7112) 50-10-09. Қосымша ақпаратты 8 747 812 87 55 (WhatsApp) нөмірі бойынша алуға болады.

Өтінімдеріңізді 2024 жылдың 15 сәуіріне дейін күтеміз.