Білім алушыларға арналған конференция

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті 2024 жылдың 19 сәуірінде академик Қ.И.Сәтпаевтың 125-жылдығына орай студенттердің, магистранттардың және докторанттардың «Ғылымға жол-2024» атты ХІ халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтетінін хабарлайды.

Конференцияға университеттің студенттерін, магистранттарын және докторанттарын баяндамаларымен қатысуға шақырамыз.

Конференцияға қатысу үшін 2024 жылғы 1 ақпаннан 31 наурызға дейін 1-қосымшада келтірілген талаптарға сәйкес ресімделген мақаланы жіберу қажет.

Мақаланы жариялау үшін ұйымдастыру комитетінің электрондық поштасына жіберу қажет.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Конференцияға қатысу және жинақтың электронды нұсқасында мақала жариялау тегін.

Конференция нәтижелері бойынша университет сайтында орналастырылатын тезистер жинағын электронды түрде шығару көзделген.

Қатысу формалары: күндізгі, сырттай.

Барлық тезистер плагиатқа қарсы жүйеде бірегейлікке тексеріледі, түпнұсқалық деңгейі кемінде 70% болуы керек, әйтпесе жұмыс жариялауға қабылданбайды.

Ескертпе: көптеген грамматикалық, орфографиялық, стилистикалық қателерге жол бере отырып, автоаудармашыны қолдана отырып, аударылған және көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін мақалалар жариялауға қабылданбайды.

Авторлар қосымша әдебиеттер тізімінде келтірілген деректердің дұрыстығына, сондай-ақ қолжазбада келтірілген дәйексөздердің, фактілердің, статистикалық мәліметтердің дәлдігіне жауап береді.

Талаптарға сәйкес келмейтін немесе белгіленген мерзімнен кеш жіберілген тезистер жариялауға қабылданбайды.

Ұйымдастыру комитеті конференцияға қатысу үшін баяндамаларды іріктеу және редакциялау құқығын өзіне қалдырады.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу