«Запастағы офицерлер мен запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша әскери дайындық қағидаларына» сәйкес, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың әскери кафедрасы запастағы офицерлер мен запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша оқыту үшін студенттерді (ер балалар мен қыздар) қабылдайды. Конкурсқа қатысуға конкурс өтетін жылы 24 жастан үлкен емес жастағы студенттер жіберіледі.
- Әскери кафедрада оқу:
- БҚАТУ-дың студенттері үшін – тегін негізде;
- басқа ЖОО-ның студенттері үшін – ақылы негізде;
- запастағы сержанттар үшін оқу 1 жыл – ақылы негізде.
- Конкурстық іріктеуге қатысу үшін 2025 жылғы 5 ақпаннан бастап:
- запастағы офицерлерді даярлау бағдарламасы бойынша оқыту үшін құжаттар бірінші (4 жылдық оқумен) және екінші курс (5 жылдық оқумен) студенттерінен (ер балалар мен қыздар) қабылданады;
- запастағы сержанттарды даярлау бағдарламасы бойынша оқыту үшін құжаттар бірінші курс (3 жылдық оқумен), бірінші, екінші (4 жылдық оқумен) және бірінші, екінші, үшінші курстардың (5 жылдық оқумен) студенттерінен қабылданады.
- Конкурстық іріктеуге қатысу үшін құжаттар тізбесі:
- Өтініш (әскери кафедрада жазады);
- Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі (түпнұсқасы мен көшірмесі);
- Шақыру учаскесіне тіркеу туралы куәлік немесе әскери билет (түпнұсқасы мен көшірмесі);
- Көлемі 3х4 сантиметр фотосурет – 2 дана;
- Соттылығының болуы не болмауы туралы анықтама;
- ХҚКО-нан Орал қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасында әскери есепте тұрғанын растайтын құжат;
- ЖЖОКБҰ-да нақты оқитыны туралы анықтама (М.Өтемісов атындағы БҚУ және БҚИТУ студенттер үшін;
- А-4 форматты ақ қағаз – үш парақ.
Әскери кафедрада оқуға ниет білдірген студенттер міндетті түрде Орал қаласына тұрақты қалалық тіркеуге және Орал қаласының ҚІЖБ-да (ХҚКО арқылы) әскери есепке тұруы тиіс.
Оқуға түсу жөніндегі сұрақтар бойынша Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың әскери кафедрасына жолығыңыз: Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51 үй, Политехникалық институт ғимараты,«Б» блок, байланыс телефондары: 8-7112-50-16-57, ішкі тел. 2-25, vk_zkatu@mail.ru.
Әскери кафедра