Академиялық ұтқырлық бағдарламасына қабылдау

2025-2026 оқу жылының екінші семестріне қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарында академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алуға өтінімдерді қабылдауды ашық деп хабарлаймыз.

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

  • Бакалавриат және магистратура білім беру бағдарламалары бойынша оқып жатқан студенттер;
  • Қазақстан Республикасының азаматтары;
  • Үлгерімі жоғары болуы (GPA – 3,0 және одан жоғары);
  • Шетелдік жоғары оқу орындарында білім алу үшін шетел тілін Intermediate деңгейінен төмен емес деңгейде меңгеруі;
  • Факультеттегі ішкі конкурстық іріктеуден сәтті өтуі қажет.

Қатысу тәртібі:

Академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысқысы келетін студенттер өз институттарында үміткерлер тізіміне жазылып, құжаттар топтамасын дайындап, оны институт директораттарына тапсыруы тиіс. Кейін бұл құжаттар Халықаралық ынтымақтастық бөліміне жолданады.

Қажетті құжаттар тізімі:

  1. Студенттің өтініші (белгіленген үлгіде);
  2. Ата-анасының өтініші (белгіленген үлгіде);
  3. Транскрипт (мөр басылған түпнұсқа);
  4. Ұсыныс хат;
  5. Ағылшын тілін меңгергенін растайтын сертификаттар (бар болған жағдайда);
  6. Жеке куәлік немесе төлқұжат көшірмесі (халықаралық ұтқырлық үшін).

Құжаттар қабылдау мерзімі:
2025 жылдың 31 қазанына дейін институт директораттары арқылы тапсырылады.

Байланыс ақпараты:
Халықаралық ынтымақтастық бөлімі
Бас корпус, 2-қабат, 215-кабинет