YESSENOV DATA LAB 2024: Жас ғалымдар үшін деректерді талдау мектебіне 20 грант

Yessenov Data Lab 2024 – бұл қазақстандық жас ғалымдардың алған білімдерін әрі қарай қолдану үшін, үлкен деректерді талдаудың базалық дағдыларына нақты практикалық жұмыстарда үйрету, сондай-ақ олардың коммуникативтік дағдыларын дамытуға бағытталған 4 апталық интенсив.

Мектепті өткізу мерзімі: 17 маусым – 13 шілде 2024 жыл. (3 апта онлайн – 17 маусымнан 5 шілдеге дейін және бір апта оффлайн форматта – 8-13 шілде аралығында Алматы қаласында өтеді).

Қатысушылар саны: 20 адам.

БАҒДАРЛАМАНЫҢ ШАРТТАРЫ:

Бағдарламаға қатысушылар: 18 жастан асқан ҚР азаматтары, жұмыс істеп жүрген ғылыми қызметкерлер, қазақстандық жоғары оқу орындарындарының техникалық және жаратылыстану-ғылыми мамандықтарында білім алып жатқан бакалавриат және магистратура, докторантура студенттері.

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

  • күшті аналитикалық қабілеттер;
  • Қазақстанда ғылыми қызметпен айналысуға және/немесе IT технологияларды дамытуға қызығушылық пен ниет;
  • статистика және сызықтық алгебра негіздерін білу.
  • бағдарламалау негіздерін білу (кез келген бағдарламалау тілінде).

Өтінім берушіде келесі параметрлерге сәйкес келетін жеке жабдық (компьютер/ноутбук) болуы керек.

Ұсынылатын параметрлер:

  • CPU Intel Core Gen 7 және одан жоғары, Mac Silicon M1 және одан жоғары;
  • RAM (ОЗУ) 6 Гб және одан жоғары.

Артықшылық болып табылады:

  • ғылыми салада қызығушылықтың болуы;
  • өзінің ғылыми мақалалары, материалдары, кез келген зерттеулердің нәтижелері, және басқалары;
  • B1 және одан жоғары деңгейде ағылшын тілін білу.

Оқыту тілі: орыс, техникалық ағылшын тілі элементтері пайдаланылуы мүмкін.

Құжаттарды тапсыру мерзімі: 2024 жылдың 14 наурызынан 17 сәуірге дейін.

Міндетті құжаттар:

  1. Жеке куәліктің көшірмесі;
  2. Транскрипт (барлық семестрлер) немесе бакалавриатты бітіргені туралы дипломның бағалары бар көшірмесі (магистранттар мен мамандар үшін);
  3. «Мен деректерді талдауды келесідей мақсатта үйренгім келеді…» тақырыбындағы эссе (7 сөйлемнен кем емес және 750 сөзден артық емес);
  4. Түйіндеме.

Қосымша құжаттар:

  • Үміткердің ғылыми зерттеулер саласындағы жетістіктерін және/немесе белгілі бір ғылыми салада білдірілген мүдделерін көрсететін Портфолио және де тиісті растауларды ұсыну қажет: курстардан өту – 2 құжаттан артық емес*; жеке ғылыми мақалалар – 2 құжаттан артық емес*;олимпиадаларға және/немесе конференцияларға қатысу – 2 құжаттан артық емес*;мақалалар, материалдар, кез келген зерттеулердің нәтижелері. ағылшын тілін меңгергенін растайтын сертификат (бар болған жағдайда).

*Қор сертификаттардың шектеулі санын қарастырады. Үміткер өз жетістіктерін жақсы көрсететін сертификаттарды өз бетінше таңдауы керек.

Өтінімдерді қабылдау 2024 жылдың 17 сәуірінде Астана қ. уақыты бойынша сағат 15:00-де аяқталады (UTC+5). Қабылдау мерзімінен кейін келіп түскен өтінімдер қаралмайды.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу