ЖАСТАР ІСІ ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТ

Студенттік ректорат

Асылбеков Арсен Жеңісбекұлы
Студенттік ректор
Байланыс: 87769149257
Жандаулетова Жанат Нұрлыбекқызы
Оқу ісі жөніндегі студенттік проректор
Байланыс: 87711263885

Студенттік ректорат  (ЖІК) студенттік өзін-өзі басқару формасы болып табылады және білім беру үдерісін басқаруда, студенттер өмірінің сұрақтарын шешуде, оның әлеуметтік және шығармашылық белсенділігін дамытуда, әлеуметтік бастамаларды қолдануда және іске асыруда студенттердің құқыларының қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында құрылады.

Студенттік ректорат жұмысының мақсаттары және міндеттері:

  • студенттердің жоғары оқу орнын басқаруда, білім алушылардың әлеуметтік қорғалу және олардың әлеуметтік бейімделуге көмектесуде құқықтарының орындалуын қамтамасыз ету;
  • студенттерде өзін-өзі басқару ептіліктері мен дағдыларын қалыптастыру, оларды құзыретті және жауапты қоғам өміріне қатысуға дайындау;
  • студенттердің азаматтық мәдениетін, белсенді азаматтық ұстнымын қалыптастыру, олардың әлеуметтік жетілуін, дербестігін, өзіндік ұйымдастыру және өзіндік даму мүмкіндіктерін дамытуға көмектесу;  
  • студенттердің жеке және кәсіби қасиеттерінің жетілуіне көмектесу;
  • жастар саясатына студенттердің тікелей қатысуы.

ЖОО студенттік ректорат жұмыстарын жалпы басқару қызметін студенттік ректор атқарады.

Студенттік ректораттың құрылымы:

  • Студенттік деканаттар;
  • Студенттік үйлердің Студенттік кеңестері;
  • Старостат;

ЖОО студенттік ректорат секторлары:

  • оқу секторы (студенттер деканаты) оқу үдерісін зерттеумен және талдаумен, оқытушы мен студент арасында туған жанжалдық ахуалдарды шешумен айналысады, білім беру үдерісінің өзекті мәселелері бойынша тренингтер, семинарлар ұйымдастырады;
  • ғылыми-зерттеу секторы жоғары оқу орнының студенттері мен магистранттарының ғылыми-зерттеу әлеуеттерін ашуға, зерттеу жұмыстарының танымал етуге көмектеседі;
  • спорт-сауықтыру секторы спорт шараларының ұйымдастырылуына, спорт және салауатты өмір салтын насихаттауға жауапты, спортшылардың спорт шараларына қатысуларына мүмкіндік жасайды;
  • көпшілік мәдени секторы ЖОО-да, институтта, Студенттік үйлерде өтетін шараларды ұйымдастырады, студенттердің өз әрекетін өзгертеді және жетекшілік етеді;
  • волонтер секторы студенттерге жоо-да жүзеге асырылатын түрлі халықаралық, республикалық, облыстық және қалалық бағдарламалар мен жобалар жайлы ақпарат тарады;
  • еңбек секторы гигиеналық нормалардың сақталуы, оқу корпустарын, жатақханаларды, университет қалашығының аумағын таза және эстетикалық қалыпта ұстау, көгалдандыру және жас көшеттерді күту жұмыстарын ұйымдастырады;
  • шығармашылық секторы жарнама жасаумен, видео, фотобейнелер дайындаумен, студенттердің жобаларын, бастамаларын әзірлеу және жетілдірумен, олардың эстетикалық сұрақтарын шешу мен графикалық құрылымдық шешімдермен айналысады.

Студенттік өзін-өзі басқаруы студенттердің жоғары оқу орнын басқару жұмыстарын мақсат етіп қана қоймай, сонымен қатар онда күнделікті өмір тіршілігін ұйымдастыру жұмыстарымен айналысады. Бұл үшін жиі ЖОО жастар істері жөніндегі комитетінің студенттер ортасының жағдайы, институттарда, Студенттік үйлерде шараларды жоспарлау және өткізу сұрақтарын талқылау жөнінде отырыстары өтеді.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:[email protected]
Жаңалықтарға жазылу