«Мансап және бизнес-серіктестік» орталығы «ДСК «Приоритет» ЖШС өкілдерімен кездесу ұйымдастырды.
Университеттің бітіруші курс студенттерімен өткен кездесу кәсіби практикадан өту және жұмысқа орналасу мәселелеріне арналды. Аталмыш компания директорының орынбасары Жарас Ахметов білім алушыларға кәсіпорын қызметі, оның негізгі бағыттары туралы ақпарат беріп, Оралда және жалпы облыс бойынша атқарылған жұмыстармен таныстырды. Қоғаммен байланыс жөніндегі менеджер Ақмоншақ Жұмаева мен зертхана меңгерушісі Эльмира Қашқынбаева білім алушылардың назарын кәсіпорынның практиканттарға және бос жұмыс орындарына үміткерлерге қоятын талаптарына аударды. Жас мамандардың мансаптық өсу мүмкіндіктері егжей-тегжейлі түсіндірілді.
Кездесу соңында спикерлер студенттердің қойған сұрақтарына толыққанды жауап берді.