2020 жылдың 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Жәңгір хан университетінде «Жәңгір хан» спорт кешенінің салтанатты мерекелік ашылу шарасы өтті.
Спорт кешенінің ашылуы жастарды спортқа баулу, бұқаралық-көпшілік спорттың дамуын насихаттау, қоғамның спортқа деген құлшынысын арттыру, жастардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру, салиқалы, дені сау, белсенді қоғамды қалыптастыруға жасалған үлкен қадам болып табылады.
Заманауи стандарттарға сай салынған спорт кешен күніне жүздеген адамды қабылдауға қауқарлы.
Шараға облыс және қала әкімдері, белгілі халықаралық және республикалық дәрежедегі студент-спортшылар, профессор-оқытушылар мен ардагерлер және арнайы шақырылған қонақтар қатысты.
Қала тұрғындары мен студент жастардың салауатты өмір салтын сақтап, әртүрлі спорт түрлерімен айналысуына мүмкіндік беретін жаңа нысан – халықтың спортқа деген қызығушылығын одан әрі арттыратыны сөзсіз.