Жәңгір хан атындағы БҚАТУ Бизнес-серіктестер клубы

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде бизнес субъектілерімен офлайн және онлайн форматта кездесу өткізілді. Іс-шараға Батыс Қазақстан, Павлодар және Түркістан облыстарының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен өнеркәсіп өкілдері қатысты.

Кездесу барысында Технологиялық даму орталығының басшысы А.М. Қазамбаева тауарларды өндірудегі, қызметтерді көрсетудегі негізгі әлемдік және қазақстандық үрдістер мен елдегі кәсіпкерлікті дамытуға инновацияның әсері туралы айтты.

Технологияларды коммерцияландыру және бизнес-инкубациялау офисінің басшысы Г. А. Айешева сондай-ақ өңірлердің бизнес өкілдеріне Қазақстандағы  ҒҒТҚН және басқа да инновациялық гранттарды коммерцияландыруды, гранттық қаржыландырудың түрлері мен тетіктерімен таныстырды.

“Ақназар-Жайық” ЖШС (Батыс Қазақстан облысы) директорының орынбасары А.С. Ихсанғали құрғақ дала аймағында суаруда жоғары ақуызды жемшөп дақылдарын өсіру бойынша коммерцияландыру жобасын іске асырудың табысты тәжірибесі туралы айтып берді. Сондай-ақ, Павлодар және Түркістан облыстарының бизнес субъектілерінің өкілдері А.Б. Қожабеков пен М.Ә. Дәулетов Технологияларды коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыруға арналған конкурсқа қатысу жөніндегі өз жоспарлары және бүгінгі күнге дейін орындалған дайындық жұмыстары туралы айтып берді.

Бизнес пен ғылымды дамытудың негізгі мәселелерін талқылау нәтижесінде Бизнес серіктестер клубын құру туралы шешім қабылданды. Бұл клуб коммерцияландыру мен технологиялар трансфертін дамытуға, сондай-ақ тұрақты жобалар мен стартаптарды қолдауға бағытталған университет қауымдастығы мен бизнестің өзара әрекеттесу алаңына айналады.

Жәңгір хан атындағы БҚАТУ Бизнес-серіктестерклубы университетпен ынтымақтастық шеңберінде ұйымдастырушылық мәселелерді жедел шешу, әлеуетті бизнес-серіктестер алдында ҒҒТҚН коммерцияландыру жобаларын таныстыру, сондай-ақ өткізілетін іс-шаралар туралы ақпарат беру үшін құрылған.

Негізгі міндеттер:

– ҒҒТҚН коммерцияландыру бойынша Клуб мүшелері арасында тәжірибе алмасуды қамтамасыз ету.

– ҒҒТҚН коммерцияландыру жобалары бойынша іскерлік серіктестіктердің тұрақты жүйесін дамытуға жәрдемдесу.

– Отандық ғылым мен бизнестің өзара тиімді ынтымақтастығын дамыту.

– Клуб мүшелерін оқытуға және кәсіби шыңдауға көмектесу және т.б.

Бизнес-серіктестер клубына мүшелік ету бірнеше артықшылықтарды береді, айқындап кететін болсақ, бизнесті ҒҒТҚН коммерцияландыру үдерістеріне тарту және бизнесті дамытуға және инновацияларды енгізуге бағытталған басқа да ғылыми және технологиялық жобаларға қатысу; компанияларды қызықтыратын технологиялық бағыттар мен проблемалар бойынша шешімдер іздеу; инновациялық жобалар портфеліне және стартаптарды, бірлескен кәсіпорындарды және технологиялық кәсіпкерлікті дамытуға ықпал ететін бизнес-инкубациялық және акселерациялық бағдарламаларға қол жеткізу; нетворкинг, тәжірибе алмасу және серіктестерді іздеу үшін дөңгелек үстелдерге, хакатондарға, конференцияларға және DEMO-DAY шараларына қатысу және т.б.

Бизнес-клубтар елдегі кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың маңызды рөлін атқарады, өз мүшелеріне өсу мен даму үшін бірегей мүмкіндіктер ұсынады. Мұндай клубтарға қатысу бүгінгі динамикалық жағдайда бизнесті табысты басқаруға қажетті құнды ресурстарға, байланыстарға және білімдерге қол жеткізуді қамтамасыз етеді.  Осылайша, Бизнес-серіктестер клубын құру ғылым мен бизнестің арасындағы байланыстар мен өзара тиімді ынтымақтастығын орнатуға негіз болады, бұл өз кезегінде өңірлердегі және жалпы елдегі кәсіпкерліктің бәсекеге қабілеттілігін арттырады.

📚 Loading…